Тұрсынбек Қабатов 5 тәулікке қамауға алынды
Ұшақ бортында мас күйінде әдепсіз сөздер айтқан Тұрсынбек Қабатовқа қатысты шешімді Астана қалалық әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты шығарған, деп хабарлады Elorda.info.
Іс материалдарына сәйкес, айыпталушы ұшақ бортында мас күйінде әдепсіз сөздер айтқан.
Ол әкімшілік жазаға тартылып, 5 тәулікке қамауға алынды.
-->Іс материалдарына сәйкес, айыпталушы ұшақ бортында мас күйінде әдепсіз сөздер айтқан.
«Сотта ол стюардессалардың нашар қызметіне көңілі толмайтынын айтып, оларға өз ескертуін білдірген. Ол өзінің әдепсіз сөз айтқаны немесе айтпағаны есінде жоқтығын алға тартқан, бірақ қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін кешірім сұраған. Куә (аға стюардесса) құқық бұзушының ұшақ бортында мас күйінде болғанын және әдепсіз сөздер айтып, сол арқылы қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзғанын растаған», – делінген соттың хабарламасында.
Ол әкімшілік жазаға тартылып, 5 тәулікке қамауға алынды.