Әртүрлі

Түркістанда бюджет қаржысын жымқырған шенеуніктерге қатысты тергеу жүріп жатыр

Түркістан облысының прокуратурасы қазынашылық департаментінің қызметінде жүйелі заңдылықты бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлады Elorda.info ведомствоға сілтеме жасап. 

Түркістан облысының прокуратурасының мәліметінше, аталған департаменттің лауазымды тұлғалары «Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» КММ есепшілерімен сөз байласу арқылы КММ-нің қызметкерлерінің санын негізсіз ұлғайтып, 8 млн жуық теңгені иемденген.

Бөтен мүлiктi иемденiп алу фактісімен жинақталған құжаттар тергеу жүргізу Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне тапсырылды. Басқа да қолданыстағы заңнамалар бойынша заң бұзушылықтар анықталып, оларды жою мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне ұсыныс енгізілді.

-->