Түркістан облысында зейнеткерден қару-жарақ пен арқар мүйіздері тәркіленді
Түркістан облысында полиция зейнеткерден қару-жарақ пен арқар мүйіздері тәркіледі, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Түркістан облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қару мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтаған 69 жастағы азаматты ұстады.
Полицейлер Бәйдібек ауданы тұрғынының үйін тінту кезінде түрлі калибрлі 100-ге жуық патрон, 12 калибрлі тегіс ұңғылы мылтық, арқардың еті мен мүйіздерін, сондай-ақ басқа да заттай дәлелдемелерді тауып тәркіледі. Қазіргі уақытта осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, тиісті сараптамалар тағайындалды.
-->Түркістан облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қару мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтаған 69 жастағы азаматты ұстады.