Әртүрлі

Түркияда мешітке жиналғандарға шабуыл жасалды

Түркияның Ескішехир қаласында бетін тұмшалап, нацистік таңбалар бар кеудеше киген ер адам мешітке жиналған жамағатқа шабуыл жасады, деп хабарлады Elorda.info 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Мәліметтерге сүйенсек, шабуыл салдарынан 5 адам жарақат алды. Біреуінің жағдайы ауыр.

Азаматтарға балта мен пышақ ала жүгірген күдікті – кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірім. Ол өзінің шабуылын әлеуметтік желіде тікелей эфир арқылы таратқан. Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, оның мұндай әрекетке баруына «Call of Duty» компьютерлік ойыны әсер еткен.

Қазір күдікті қамауда. Оқиға қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр.

-->