Әртүрлі

Тоқаев «Родина» агрофирмасының өндірістік нысандарымен танысты

Мемлекет басшысы агроқұрылымның №1 сауын цехы мен сүт зауытына барды, деп хабарлады Elorda.info Ақордаға сілтеме жасап.

Мұнда «GEA» фирмасының «Елочка» қондырғысы орнатылған. Аталған құрылғының көмегімен бір мезгілде 32 сиырды қатар саууға мүмкіндік бар.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Родина» агрофирмасының бас директоры Иван Сауэр серіктестіктің сүт бағытын дамыту жоспары туралы баяндады. Сонымен қатар жаңа сауын цехы салынып жатқанын жеткізді.

Бұдан соң Президент Родина ауылындағы сүт зауытын аралап көрді.

Мемлекет басшысына индустрияландыру бағдарламасы аясында іске қосылған нысандағы өндірістік процесс таныстырылды.

Заманауи қондырғылармен жабдықталған әрі озық еуропалық технологиямен жұмыс істейтін кәсіпорын тәулігіне 50 тонна сүт өндіреді. Сонымен қатар сүт өнімдерінің бірнеше түрін шығарады. Қазір мұнда 36 адам еңбек етеді.

Президент зауыт жұмысшыларымен әңгімелесіп, «Родина» агрофирмасының үлгілі шаруашылық екенін айтып, жүйелі жұмысты одан әрі жалғастыра беруге шақырды.

Жалпы Ақмола облысында сүт өнімдерін шығаратын 15 кәсіпорын бар. Сонымен қатар өңірде 7 тауарлы сүт фермасы салынып жатыр. Осы бағыттағы жобаларды қаржыландыруға 13,3 миллиард теңге бөлінген.

-->