Өткен жылмен салыстырғанда жолдағы апат саны 90%-ға өсті – Бас прокурор
Бұл туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Берік Асылов Х әлеуметтік желісінде жазды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Өткен жылмен салыстырғанда жолдағы апат саны 90%-ға өсті. Жол-көлік оқиғалары құрбандарының саны да артқан. БҚО, ШҚО, Атырау, Маңғыстау, Абай, Ұлытау облыстары мен Шымкент қаласында теріс үрдіс орын алуда», - деді Берік Асылов.