Әртүрлі

Өткен аптада көлік жүргізушілері еліміздің туристік бағыттары бойынша 288 мыңнан астам сапар жасады

2025 жылғы 5-7 шілде аралығында республикалық маңызы бар ақылы автожол учаскелері арқылы туристік бағыттар бойынша 288 мыңнан астам сапар жасады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Ең танымал бағыттардың бірі Алматы-Қонаев ақылы учаскесі болды, онда 161 мыңнан астам сапар тіркелді. Бұл жол Қапшагай мен Алакөл көлдеріне, ұлттық парктер мен қорықтарға, сондай-ақ басқа да көрікті туристік нысандарға апарады.

Екінші орында Астана-Щучинск бағыты. Бұл жолмен жүргізушілер 66 мыңнан астам рет сапарға шыққан. Көптеген демалушылар Бурабай мен Щучинсктегі орманда, таулы аймақ пен су айдындарда уақыт өткізеді. Сондай-ақ, жаяу жүріп, велосипедпен экологиялық жолдар арқылы серуендейді.

Үздік үштікке Астана-Теміртау бағыты да кірді. Бұл бағыт бойынша 60 мыңнан астам сапар жасалған. Аталған автожолда Балқаш көлі мен құмды жағажайлар бар. Бұл бағыт Балқаштан бөлек, Қарағанды облысының тарихи-мәдени нысандарына, соның ішінде Қарқаралы ұлттық паркі мен дала қорықтарына жол тартады. Қарағанды-Балқаш автожолын қайта жаңартудан өткізгеннен кейін бұл бағытта демалушылардың ағыны артып келеді.

Қазіргі таңда туристік бағытта жол бойы қызмет көрсету инфрақұрылымын дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Автожолдар бойында заманауи санитарлық-гигиеналық тораптар, демалыс аймақтары, кафе, жанармай құю станциялары және сапарларды ыңғайлы әрі қауіпсіз ететін басқа да нысандар салынуда.

Сонымен қатар, биыл еліміздегі туристік бағыттарына алып баратын жалпы ұзындығы 2000 шақырымнан асатын автожолдарға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.