«Отырасың да қоясың»: Тиктокер келін қайын апасымен ұрысамын деп, желідегілерден сөз естіді
Тиктокер кезекті түсірілімін түсіру кезінде қайын апасынан ұрыс естіп, бұл видеоға көпшілік оқырман пікір білдірді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Видеода інісінің үйіне келген қайын апасы өзіне мән бермей, телефонға үңіліп отырған келінін көріп, ашуға ерік бергені байқалды.
«Отырасың да қоясың, ыдыстарыңды жу. Күйеуіңнің алдынан тамағын істеп қой. Не мынау үйіңнің іші?
Мен бір түйір қайын апаң емеспін бе? Сыйлауды білсейші. Қит етсе, телефоныңды алып отыра қаласың.
Енең «істе» демейді. Байың да сопиып жүреді де қояды артыңнан дедек-дедек етіп. Бір күні бала-шағалы тикток боп кетесіңдер. Таста, телефоныңды.
Менің інімнің үйі деп келіп тұрмын. Шайыңды қой!», - деп айғайға басты.
Бұған келіні «Мен ешкімге тиісіп жатқан жоқпын. Блог түсіріп жатырмын. Мен ақша тапқым келеді. Сіз менің күйеуім емессіз ғой», - деді.
Ал бұл жайтқа пікір білдірген оқырмандардың көбі келіннің қылығын сынап тастады.
«Блогер болса болсын, бірақ жан-жағын реттеп, жинап, тазалап, тамақ-шайын беріп барып отырсын. «Қонақ келсе, құт келеді» деген. Оның үстіне қайын апасы келіп тұр. Қызды ренжітуге болмайды. Келген қонаққа тамағыңды бермесең де, қабағыңды бер», «Осындай келін алу үшін біраз ақшаға шығындалды ғой, сонда осылай мысық пен ит сияқты болу үшін шығындалды ма?», «Осындайлар тиктокер болып елге ақыл айтады-ау, үйіндегі тірлігі анау», «Қайын апасы дұрыс айтады», «Әке-шешеңе солай істесең, қалай боласың?» деген пікірлер жазды оқырмандар.