Әртүрлі

«TikTok»-та құмар ойынды заңсыз таратқандар бас бостандығынан айырылды

Қазіргі уақытта «TikTok» желісінде құмар ойындар заңсыз таратылып жатыр. Бұл туралы Қаржы мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Желілік талдау нәтижесінде  онлайн ойынды тарататын 100-ден астам аккаунт анықталды.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта сот «TikTok» желісінде ұқсас мазмұндағы контент үшін 4 ұйымдастырушыға қатысты іс қаралып жатыр.

-->

Қазіргі уақытта «TikTok» желісінде құмар ойындар заңсыз таратылып жатыр. Бұл туралы Қаржы мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Негізінен бұл карта ойыны, сүйек лақтыру және онлайн рулетка. Барлық жерде принцип бірдей. Бәс тігуге шақырады. Оның төрттен бірі ұйымдастырушыда қалады, қалғанын жеңімпаз алады. Бәс тігулерді қабылдау және ұтыстарды беру банктік онлайн аударымдар арқылы жүзеге асырылады, - деді Әлібек Әбділов.

Желілік талдау нәтижесінде  онлайн ойынды тарататын 100-ден астам аккаунт анықталды.

Осы жерде ұйымдастырушылар мен қатысушыларға айтқым келетіні - олардың әрекеттері заңсыз, ҚР Қылмыстық кодекстің 307-бабында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін жауапкершілік қарастырылған. Қазірдің өзінде сотталғандар бар.Мәселен, «TikTok» желісінде құмар ойын ұйымдастырған Алматы қаласының 2 тұрғыны 4 айда 13 млн теңгеге жуық табыс тапқан.Тергеу қорытындысы бойынша олар 1,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді, - деді ресми өкіл.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта сот «TikTok» желісінде ұқсас мазмұндағы контент үшін 4 ұйымдастырушыға қатысты іс қаралып жатыр.

Құрметті азаматтар, қырағы болып, осындай құмар ойындарға араласпауларыңызды сұраймыз. Бұл заңға қайшы.Сондай-ақ, ата-аналардан балаңыздың мінез-құлқына, оның көретін контентіне және оның онлайн саудасына назар аударуын сұраймыз, - деді Ә.Әбділов.