Әртүрлі

«Теракт жасалады»: Жалған хабарлама берген астаналық ұсталды

Астана тұрғыны терроризм бойынша көрінеу жалған хабарлама бергені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ер адам полицияға хабарласып, Тәжікстан азаматы пәтерде террористік акт ұйымдастыратынын айтқан. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде Астана қаласы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жалған хабарлама берген қаланың 41 жастағы тұрғынын анықтады. Аталған факті бойынша терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама бергені үшін қылмыстық іс қозғалды.

Жалған ақпарат берген азамат мас болған. Ол Астана қалалық ПД-ның уақытша ұстау изоляторына қамалды.

-->