Әртүрлі

Темекі өнімдерін заңсыз тасымалдаудың жолы кесілді

 «Жайсан» автокөлік өткізу пунктінде темекілердің ірі партиясын заңсыз әкетудің жолы кесілді, деп хабарлады Elordainfo.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«71 мыңнан астам қорап темекі өнімдерін көкөніс өнімдері салынған жәшіктердің астына жасырып, ілеспе құжаттарсыз Қазақстаннан шығаруға әрекеттенген. Алдын ала бағалау бойынша, тәркіленген тауардың құны шамамен 50 млн теңгені құрайды. Ұсталған жүк әрі қарай қаралуы үшін тиісті органға берілді», - деп жазылған ҰҚК баспасөз хабарламасында.