Әртүрлі

«Таза Қазақстан»: «Жасыл ел» жауынгерлері елорданы қоқыстан тазартты

«Таза Қазақстан» ауқымды экоакциясы аясында және Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай Астанада ауқымды экологиялық іс-шара өткізілді, деп хабарлады Elorda.info қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Экоакцияға «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының 100-ге жуық жауынгері қатысты. Экоакция мақсаты – әлемдік қоғамдастықтың назарын қоршаған ортаның маңызды проблемаларына аудару және қазақстандықтарды табиғатқа ұқыпты қарауға баулу.

Экологиялық акцияны Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы мен Байқоңыр ауданы әкімдігінің қолдауымен «Студенттік құрылыс және жастар жасақтарының республикалық қозғалысы» қоғамдық қоры ұйымдастырды.

Айта кетейік, «Жасыл ел» жобасы аясында елордада биыл 14-35 жас аралығындағы 4200-ден астам жастар жұмыспен қамтылады. Олар қаламыздың құрылыс нысандарында, қала маңындағы «Жасыл белдеуде», әлеуметтік нысандардың, жалпы білім беру мекемелері мен қалалық саябақтардың аумағында жұмыс істейді.

-->

Бүгінгі іс-шара «Таза Қазақстан: Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» экологиялық акциясы аясында өткізілді. Қала аумағын жинау бойынша бұл экоакцияны «Жасыл ел» ХХ маусымының 100-ден астам жауынгері қолдады. Біз қоршаған ортаны таза ұстауға ерекше назар аударамыз. Тазалық пен тәртіпте өмір сүру елорданың әрбір тұрғыны үшін күнделікті өмірге айналуы тиіс. Мұндай тазалау және көгалдандыру шаралары халықтың экологиялық мәдениетіне жақсы әсер етеді. Біз сондай-ақ жастарымызды тәрбиелеп, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға тәрбиелеуіміз керек. Экологиялық акциялар тұрақты негізде жүргізілетін болады, сондай-ақ «Жасыл ел» жастары қаламыздың саябақтарын, скверлерін, мектеп жанындағы аумақтарын қоқыстан тазартатын болады, - деді елордалық Жастар саясаты мәселелері басқармасының бас маманы Ерлан Айдар.

Экологиялық акцияны Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы мен Байқоңыр ауданы әкімдігінің қолдауымен «Студенттік құрылыс және жастар жасақтарының республикалық қозғалысы» қоғамдық қоры ұйымдастырды.

Мен «Жасыл ел» қатарына кіріп, бүгінгі экоакцияға қатысуға бел будым, өйткені мен табиғатқа және қаламызға көмектескім келді. Кейбір адамдар қоқысты көшеде тастап кетеді және оның қоршаған ортаға қалай зиян тигізетіні туралы ойланбайды. Бірақ әркім өзіне және біздің табиғатымызға жауапты болуы керек, - деп бөлісті «Жасыл ел» қатысушысы Аяужан Ақышева.