Әртүрлі

«Тұрмысқа шықпас бұрын тергеу жүргізу – ұят емес»: Дина Төлепберген тұрмыс құрмаған қыздарға кеңес берді

Көпке танымал тележурналист Дина Төлепберген өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында «Сіңліме сыр» айдарында қыздарға болашақ күйеуімен жақсы қарым-қатынас құру бойынша кеңестерін айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Тележүргізуші жігіт пен қыз отбасын құру алдында маңызды тақырыптар бойынша әңгіме құрып, бір-бірімен сөйлескені дұрыс деп есептейді.

 

-->

Тележүргізуші жігіт пен қыз отбасын құру алдында маңызды тақырыптар бойынша әңгіме құрып, бір-бірімен сөйлескені дұрыс деп есептейді.

Тұрмысқа шықпас бұрын тергеу жүргізу – ұят емес. Мен өзімнің махаббатым – күйеуіммен үш жыл кездестім. Біреулерге ұзақ уақыт болып көрінуі мүмкін. Бірақ мәселе қанша уақыт бірге өткергеніңде емес, бір-біріңді қаншалықты танып-білгеніңде. Мысалы, кездесуге шақырғанда, менің күйеуімнің даналығы сол, ол маған болашақ кездесуіміздің тақырыбын алдын ала ұсынатын. Мысалы, ақша, бала, ата-ене, үй, дүние-мүлік, мінез-құлық, ұрыс-керіс, тіпті шұлыққа дейін. Өйткені мен шұлығын шешіп тастап кететін жігіттерді жек көремін. Басында маған бұл біртүрлі көрінетін. Бірақ қазір соның рахатын көріп жүрмін. Сондықтан, қымбатты сіңілілерім, сіздерге айтарым, бос аймаласып жүрмей, санаға сәуле қондырыңыз. Сұрау – ұят емес. Басында «жаным»  деп, кейін жаныңды жейтін жігітпен күрсініп өмір сүру – ұят, - деді Дина Төлепберген.