Әртүрлі

Талдықорған құтқарушылары моншадағы өртті сөндірді

 Түн ішінде Ж.Қалиев көшесінің бойында қоғамдық монша мен кір жуатын бөлменің шатыры өртенді, деп хабарлады Elordainfo.kz ТЖМ-ге сілтеме жасап.

«Өрт сөндірушілердің үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өрттің одан әрі таралуына жол берілмедң. Қызыл жалын 272 шаршы метр алаңда сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Төтенше жағдай орын алған жағдайда 112 нөмеріне хабарласыңыз!», - деп жазылған хабарламада.