Талғардағы өрт: Қылмыстық іс Бас прокурордың бақылауында
Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Талғарда жасөспірімді өлтіру ісі бойынша жәбірленушілердің үйін өртеу фактісіне қатысты 2024 жылғы 12 қазанда Бас прокуратураның басшылығымен қылмысты ашу үшін ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды. Кінәлілерді әшкерелеу үшін барлық шаралар қабылданатын болады. Қылмыстық iс Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бақылауына алынды», - деп жазылған хабарламада.