Әртүрлі

Таиландтан келін түсірген маңғыстаулық әулет немерелі болды

Отбасы дүниеге ұл келгенін айтып, елден сүйінші сұрады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Таиландық келін ұл сыйлады. Немеремнің иісіне басым айналып, дүниенің бәрін ұмытып жатырмын. Ақ жаулықты әжелердің қатарына қосылдым. Жарық дүниеге қош келдің, Аланым. Әрбір шаңырақ ұрпақты болсын, ырысты болсын, ырысы жұртқа жұғысты болсын», – деп жазды әлеуметтік парақшасында әже атанған Гүлсім.

Аланның әжесі әулетті қуанышқа бөлеген келініне ерекше алғыс білдірді. Әулеттің жақындары енесінің келінін қатты уайымдағанын айтады.

«Апам келінін қатты жақсы көреді. Босанғанша, ұзақ толғатқанда «келінім шаршап қалды-ау» деп уайымдап, мың рет хабарласқан шығар. Қасында анасы, бауырлары болмағанға уайымдап, бар жағдайын жасады. Ана орнына ана болды», – деп жазба астында пікір қалдырған.

Желі қолданушылар әулетті қуанышымен құттықтап, нәрестеге ақ тілектерін жаудырды.