Әртүрлі

Таиландта түскі асқа 3 млн теңге төлеп кеткен қазақстандық іздестіріліп жатыр

Таиландта ішкен тамағы үшін артық ақша төлеп кеткен қазақстандық іздестіріліп жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz белгілі журналист, блогер Тимур Асылхановтың әлеуметтік парақшасына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, қазақстандық турист Таиландтағы мейрамханада түскі асқа қателесіп, 3 миллион теңге төлеп кеткен.

«Таиландта түскі асқа 3 млн теңге төлеген қазақстандықты жаппай іздестіріп жатыр. Facebook-та пост жариялап, барлығы репост жасап жатыр. Тіпті, ресторан басшылығы қазақстандық банкке шығып, карта иесі туралы ақпарат сұрастырған көрінеді. Егер бізде сондай жағдай болса, сізді іздер ме еді?», - деді ол.