Әртүрлі

Табиғи апатқа кінәлі адами салғырттықтар да бар – депутат

Бұл туралы Мәжіліс депутаты, AMANAT партиясы фракциясының мүшесі Ринат Зайытов ҚР Премьер-министрі Олжас Абаевқа жолдаған депутаттық сауалында айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Тосыннан келген топан суды қанша жерден табиғи құбылыс десек те, апатқа кінәлі адами салғырттықтар да бар.

-->

Тосыннан келген топан суды қанша жерден табиғи құбылыс десек те, апатқа кінәлі адами салғырттықтар да бар.

Атырау облысы мен Құлсары қаласының маңынан заңсыз салынған су бөгеттері, жергілікті биліктің көктемгі су тасқынына дұрыс әзірленбегені, сын сағатта абдыраған жұрттың әрекетін үйлестіре алмауы да осындай салдарға әкеп соқты. Сондықтан Президентіміз айтқандай жауапкершілік алудан қашып, жұмысты бір-біріне сілтеп отыратын қызметкерлер мен жергілікті ірі компания әрекеттері жазалануы тиіс, - деді депутат.