Әртүрлі

Тағы бір отандық әуе компания Наурыз айында қосымша рейстерді іске қосады

Наурыздағы мерекелерге орай QAZAQ AIR әуе компаниясы қосымша рейстерді іске қосады, деп хабарлады Elordainfo.kz.  

Аталған шара жолаушылар тарапынан жоғары сұранысты қанағаттандыруға мүмкіндік береді.

16-23 наурыз аралығында келесі бағыттар бойынша 10 қосымша рейс орындалады:

- Астана-Шымкент: 4 қосымша рейс;

- Астана-Алматы: 2 қосымша рейс;

- Астана-Түркістан: 4 қосымша рейс.

Естеріңізге сала кетейік, QAZAQ AIR әуе компаниясы 1 мамырдан бастап Астана-Самарқанд бағытында қатынай бастайды.

Бұған дейін қазақстандық әуе компаниялар наурыздағы мерекелерге орай қосымша 120 рейсті іске қосатыны туралы хабарлаған болатынбыз.