Әртүрлі

Тәжікстанда 85 миллион жыл бұрын өмір сүрген динозаврдың сүйегі табылды

Тәжікстанның Соғды облысы Қансай елдімекенінде жүргізілген қазба жұмыстары барысында 85 миллион жылдық динозаврдың сүйектерінің сынықтары мен тасбақа, қолтырауын, амфибия мен балықтардың қаңқасы табылды, деп хабарлады Elordainfo.kz «Азия-плюс» АА сілтеме жасап.

«Динозавр шамамен 85 миллион жыл бұрын өмір сүрген. Табылған сүйектер дененің қай бөлігіне тиесілі екені зерттеулер нәтижесінде белгілі болады», – деді магистрант-палеонтолог Умед Набиев.

Оның айтуынша, қазба жұмыстарын келесі жылдың мамыр айынан бастап жалғастыру жоспарланып отыр. Ғалымдар Қансай елді мекенінің өзге де аумақтарында зерттеу жұмыстары жүргізбек.

«Ірі жануарлардың қалдықтары жақсы зерттелген, алайда амфибиялар немесе бауырымен жорғалаушылар жануарлар сияқты ұсақ жануарлар туралы олай айту қиын. Сондықтан келесі экспедицияны осыған арнаймыз», - деді ол.