Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын – Әскер Пириев
Бүгін – Тәуелсіздік мерекесі. Соған орай Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілі, «Ахыска» түрік мәдени орталығының Астанадағы қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Әскер Пириев жылы лебізін білдірді, деп хабарлады Elorda.info.
Сондай-ақ ол барша қазақстандықтарды бүгінгі мейраммен құттықтады.
-->Бабалар аңсаған Тәуелсіздіктің шекарасы шегенденіп, іргетасы қаланғанына биыл 32 жыл толды. Көзіміздің қарашығы, сүйікті Отанымыз – Қазақстан көптеген жетістікке жетті. Ол осы уақыт ішінде Бәйтерегі бой көтеріп, әлем картасындағы алпауыттар арасында айрықша орынға ие болды. Мәңгілік болсын! Ұзағынан сүйіндірсін! Бүгінде Қазақстан Орта Азияның ғана емес, бүкіләлемдік мәселелерді талқылауда және шешуде ықпалды рөл атқаратын беделді елге айналды, - деді спикер.
Сондай-ақ ол барша қазақстандықтарды бүгінгі мейраммен құттықтады.
Халқымыз аман, жұртымыз тыныш, егемендігіміз баянды болсын! Барша қазақстандықтарды бүгінгі мерекемен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, бақ-береке тілеймін. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміз еңселі болсын, - деді Әскер Пириев.