Әртүрлі

Төтенше жағдайлар министрлігі маңызды мәлімдеме жасады

Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды демалыс және мереке күндері қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Жаппай өткізілетін іс-шаралар мен адамдардың, әсіресе қыста таза ауада демалу оқиғаларының көбеюіне байланысты төтенше жағдайлардың алдын алу маңызды.

Аппараттық кеңес барысында Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрі, генерал-майор Шыңғыс Әрінов ведомствоның аумақтық бөлімшелеріне алдын алу шараларын күшейту және қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде бірқатар нақты тапсырмалар берді. Өрт қауіпсіздігі, судағы, таудағы қауіпсіз жүріс-тұрыс және жол қозғалысы ережелерін сақтау мәселелері бойынша азаматтармен түсіндірме әңгімелесуге ерекше назар аударылатын болады.

«Қауіпсіздік ережелерін сақтау көптеген оқиғалардың алдын алады. Біз профилактикалық жұмысты күшейтіп, азаматтарды мұқият болуға шақырамыз», - деп ТЖМ басшысы.

14 желтоқсаннан бастап ТЖМ бөлімшелері төтенше жағдай қаупінің жоғарылауына байланысты қызметтің күшейтілген режиміне көшеді. Бұған қосымша рейдтер, жаппай өткізілетін іс-шараларды бақылау және демалыс орындарындағы қауіпсіздік кіреді. Сонымен қатар өрт-тактикалық жаттығулар, бизнес объектілерінің қызметкерлерімен нұсқамалар және ұсынымдар бере отырып, комиссиялық тексерулер өткізілетін болады.

«Өрт қауіпсіздігі: жылыту және электр аспаптарын пайдалану кезінде абай болыңыз, балаларды қараусыз қалдырмаңыз, пиротехниканы пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларын сақтаңыз;

Судағы қауіпсіздік: жұқа мұзға шықпаңыз, су айдындарында жүріс-тұрыс ережелерін сақтаңыз, балалардың қараусыз судың жанында болуына жол бермеңіз.

Таудағы қауіпсіздік: тексерілген жабдықты пайдаланыңыз, тиісті дайындықсыз және маршрутты білмей тау маршруттарына шықпаңыз.

Жол қауіпсіздігі: жол ережелерін сақтаңыз, әсіресе қысқы ауа райында және көлікті басқару кезінде мұқият болыңыз», - делінген ТЖМ хабарламасында.