Әртүрлі

Түркияда болаттан құрастырылған үйлер қолданысқа беріледі

Түркияның Кахраманмараш аймағында жер сілкінуінен зардап шеккен ауылдарда болат қаңқадан салынған алғашқы үйлер 6 ақпанда тапсырылады, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл туралы Түркияның қоршаған орта, қала дамуы және климаттың өзгеруі министрі Мехмет Ожасеки Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында мәлім етті. Министр ауыл үйлерінің суретін жүктеген.

Өткен жылы 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысындағы Газиантеп провинциясында 6,4-6,6 магнитудалы, кейін 7,4 магнитудалы қуатты жер сілкінісі болған еді.

Жерасты дүмпулері елдің 10 провинциясында, сондай-ақ көршілес мемлекеттерде, соның ішінде Сирияда да сезілді.

-->

Болаттан салынған ауыл үйлерін берудің бірінші кезеңін бастаймыз. Соңғы 6 күн қалды, - деп жазды ол.