Түркияда қазақстандық журналист баласымен бірге көз жұмды
Түркияда көлік апаты салдарынан Қазақстан азаматы мен баласы қайтыс болды. Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев өзінің әлеуметтік желісінде марқұмның отбасына көңіл айтты, деп хабарлады Elorda.info.
-->
Антальядан суық хабар келіп жатыр.
Белгілі журналист, "Зейін Атырау" ерекше балаларды оңалту орталығының негізін қалаған Арайлым Бағытжан Антальядағы ірі жол апатына түсіп, өмірден өтті. Әріптесімізбен бірге кішкентай сәбиі де о дүниелік болды. Жолдасы қиын жағдайда ауруханада жатыр.
Қазіргі уақытта Түркиядағы Қазақстан елшілігімен арада келісімдер жүргізіліп, ауруханада қиын жағдайда жатқан бауырымыздың тиісті ем алуына жағдай жасалуда.
Жерлестеріміздің сүйегін елге алдыру бойынша жұмыс жүргізілуде.
Марқұмның отбасына қайғырып көңіл айтамын, - деп жазды Атырау облысы әкімінің орынбасары.