Әртүрлі

Түркістанда шенеуніктер жүйеге жалған деректер енгізу арқылы бюджеттен 130 млн теңге жымқырған

Түркістан облысында Халықты жұмыспен қамту саласы бойынша бөлінген бюджет қаражаты талан-таражға салынған, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Еңбек мобильділігі орталығы» қызметкерлері мемлекетке 130 млн теңгеден астам залал келтірген.

Еңбек мобильділігі орталығының жауапты тұлғалары «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы» аясында субсидияланған жұмыс орындарына қатысушылардың жалақысын төлеу барысында ақша жымқырған.

«Олар кәсіпорын басшыларымен келісіп, іс-жүзінде жұмыс істемейтін 132 азаматтың жеке деректерін «Еңбек нарығы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне енгізіп, оларға аударылған жалақыны иемденіп отырған», - деді Қаржылық мониторинг агенттігі.

Анықталған деректер бойынша тергеу жалғасып жатыр.