Түркістан облысында жоғалып кеткен балықшылар аман табылды
Түркістан облысында түнгі уақытта балық аулауға шығып, адасып қалған екі адам аман табылды, деп хабарлады Elordainfo.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Үрлемелі қайықпен Шардара су қоймасынан балық ауламақ болған 1944 және 1953 жылы туған екі адам бағдарын жоғалтып, адасып кеткен.
«Құтқарушылардың жедел әрекеттерінің арқасында балықшылар жағаға жеткізілді. Медициналық көмек қажет болмады.ТЖМ барлық азаматтарды қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады», - деді ТЖМ баспасөз қызметі.