Түркістан облысында ветеринарлық қызмет басшысы сотталды
Түркістан қалалық сотының үкімімен облыстық ветеринария басқармасының «Ветеринарлық қызмет» ШЖҚ МКК басшысы Б. Бегманов сотталды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің мәлімдеуінше, ол аудандық ветеринариялық қызметтердің 115 қызметкеріне сыйақы ретінде төленген жалпы сомасы 5,5 млн теңгені жинау арқылы қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды.
«Сот үкімімен Б. Бегмановқа 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымды қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды», - делінген хабарламада.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.