Әртүрлі

Түркістан облысында ірі тоңазытқыш қоймасы салынып жатыр

Түркістан облысының Келес ауданында  жеке инвестиция есебінен сыйымдылығы 3 400 тонналық тоңазытқыш қоймасы мен тігін цехының құрылыстары басталды. Қойма 2025-2026 жылдар аралығында іске асады деп жоспарланған, деп хабарлады Elordainfo.kz Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Жоба құны 800 млн теңгені құрайды.

Бүгінде елді мекендердің ішкі су құбырларын қосу жұмыстары да жалғасуда. Сонымен қатар  электр желілерін жаңарту және трансформатор орнату жұмыстары жоспарға сәйкес орындалып жатыр. Одан бөлек, көшелерді жарықтандыру бағытында тиісті жұмыстар атқарылған. Жол инфрақұрылымын жақсарту мақсатында бірқатар көшеге асфальт төселіп, тас төсеу жұмыстары да жүргізілген.

Жалпы, Алпамыс батыр ауылдық округі бойынша биыл 1 282 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілген. Сондай-ақ  «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында «Ер-тайыр» ауылшаруашылық өндірістік кооперативі жүзім шаруашылығын дамыту жобасын іске асырып жатыр. Қазіргі таңда 5 гектар жерге жүзім көшеті отырғызылған.