Әртүрлі

Түнгі шуға байланысты тіркелген әкімшілік құқық бұзушылық артты

Қаңтар-қарашада  құқық қорғау органдары 87,3 мың осындай құқық бұзушылық тіркеді. Бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20,8% көп, деп хабарлады Elorda.info.

Ranking.kz жазуынша, құқық бұзушылықтың 99,2%-ы уәкілетті органда (Ішкі істер министрлігінде) дереу қаралып, құқық бұзушы жауапкершілікке тартылады. Мұндай істердің тек 0,01%-ы ғана сотқа жетеді. Мәселен, былтыр 11 айда тіркелген. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы «Тыныштықты бұзу» бойынша тіркелген 87,3 мың құқық бұзушылықтың 9-ы ғана сотта қаралды.

Барлық жауапкершілікке тартылғандардың негізгі бөлігін (99,9%) жеке тұлғалар құрайды. Олар: айқайлап ұрыссатындар немесе түнде жөндеу жұмыстарын жасайтын көршілер. Көпқабатты үйлерде орналасқан және түнгі дискотека ұйымдастыратын түрлі дәмхана, мейрамхана, барлардың қожайындарына онша шағымдана бермейді: 11 айда Қазақстан бойынша мұндай небәрі 100 шағым түскен.

Құқық бұзушылық саны әрқашан өңір халқының санына байланысты емес. Ең бастысы, сан емес, халықтың тығыздығы мен көпқабатты үйлердің саны. Айталық, Алматы қаласы мен Түркістан облысының тұрғындарының саны 2,1 млн (2023 жылдың басында) тең болса, соңғы өңірде көршілерден шуға қатысты шағымдар төрт есе аз — Алматыдағы 11,5 мыңға қарағанда 2,9 мың ғана шағым болған. Бұл Түркістан облысындағы негізгі тұрғын үй қорын жеке тұрғын үйлер (олардың үлесі 98,6%) құрайтындығымен байланысты. Мұндай үйлердің тұрғындары түнде көршілердің шуын ести бермейді. Алматыда көппәтерлі тұрғын үй қоры анағұрлым көп, тиісінше, қабырғалас көршілер де көп.

Тыныштықты бұзу әкімшілік құқық бұзушылық, ол үшін айыппұл салынады. Бірінші шағым бойынша жеке тұлға бюджетке 5 АЕК төлеуі керек (2023 жылы — 17,3 мың теңге), қайталап бұзғаны үшін айыппұл екі есе көп (былтыр шамамен 35 мың теңге). Заңды тұлғалар бірінші шағым үшін 20-дан 100 АЕК-ке дейін (69 мыңнан 345 мың теңгеге дейін), екінші шағым үшін 40-тан 150 АЕК-ке дейін (138 мыңнан 517,5 мың теңгеге дейін), 2023 жылдың деректері бойынша.

-->

Астананы елдегі «ең шулы» (дәлірек айтсақ, шуға ең сезімтал) қала деп санауға болады. Бір жылдан аз уақыт ішінде 17 мыңға жуық астаналық шуға шағымданды, бұл ҚР-дағы әрбір бесінші шағым. Екінші орында республиканың тағы бір ірі мегаполисі — Алматы. Ол жерде тыныштықты бұзғаны туралы құқық қорғау органдарының сенім телефонына шамамен 11,5 мың рет қоңырау шалынған. Қарағанды ​​облысы да «мазасыз» өңірлердің үштігіне енді, онда 7,1 мың шағым тіркелген, - деп жазылған хабарламада.