Сырымбек Тау алғаш рет әйелі туралы айтты
Белгілі отандық кәсіпкер Сырымбек Тау «Динамен дұрыс» бағдарламасында әйелі туралы айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Кәсіпкердің айтуынша олар 2001 жылдан бері таныс, араға бес жыл салып шаңырақ көтерген.
Жарымның есімі – Толқын. КІМЕР университетін бітірген. Әлеуметтік желідегі парақшасын ағылшынша жүргізеді. Мен шаңырақ құратын кезде жақындарымның дені қазақ қыз алғаныма сенбеген. «Жапон қызын алып жатыр» дегені бар. Біз 2001 жылдан бері таныспыз. 2006 жылы үйлендік. Құдайға шүкір, 5 баламыз бар, - деді Сырымбек Тау.