Шымкент тұрғыны марихуана шегіп алып көлік тізгіндеген
Патрульдік полицейлер бейнебақылау инспекторларының нұсқауы бойынша масаң күйдегі ер адамның басқаруындағы Kia Rio автокөлігін тоқтатты, деп хабарлады Elorda.info.
Медициналық куәландыру нәтижесі ер азаматтың есірткілік масаң күйде екенін растады.
Заң бұзушы 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылды.
-->Жүргізуші автотұрақтардың біріне тоқтап, қолдан жасалған шегу құрылғысы арқылы есірткі затын қолданып, көлік жүргізуін жалғастырған. Бұл құқық бұзушылық көшедегі камераларға түскен, - делінген ІІМ хабарламасында.
Медициналық куәландыру нәтижесі ер азаматтың есірткілік масаң күйде екенін растады.
Заң бұзушы 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылды.