Әртүрлі

Шыңғыс Зикенов: Рахымжан Қошқарбаевтың Рейхстагқа ту тігуі – тарихи ерлік

Осыдан тура 79 жыл бұрын, 1945 жылы 30 сәуірде Рахымжан Қошқарбаев пен Григорий Булатов Рейхстаг қабырғасына Кеңес Одағының қызыл туын орнатты. Қазақстандық батырдың ерліктері туралы Elorda.info тілшісіне тарих ғылымдарының магистрі Шыңғыс Зикенов айтып берді.

 

Тарихшының айтуынша, Қошқарбаев пен Болатов «Кеңес Одағының Батыры» атағына ұсынылды. Алайда кейіннен бұл марапат белгісіз себептермен берілмеген.

Соғыстан кейінгі уақытта Рахымжан Қошқарбаев Алматыдағы ірі қонақ үйлердің бірінде басшы болып қызмет істеді.   

Шыңғыс Зикеновтың айтуынша, оның досы және әріптесі Григорий Булатовтың тағдыры өте қайғылы болған. 1970 жылы Булатов ұсақ ұрлық ісі бойынша қылмыскер деп танылып түрмеге де қамалған.

Тарихшының айтуынша, қазақстандықтар Рахымжан Қошқарбаевтың ерлігін еске алып, мақтан тұтуы керек.

 

Мария КОНЮХОВА

Сабина КӘКІМЖАН

-->

 

Рахымжан Қошқарбаевтың Рейхстагқа жасалған соңғы шабуылға қосқан үлесі маңызды әрі символдық мәні бар. Қарулас жолдасы Григорий Булатовпен бірге Қошқарбаев Рейхстагтың қасбетіне дейін оқ астында 360 метр жолды жүріп өтіп жеткен. Сол сәтте Булатов біздің жерлесіміздің иығына отырып, Жеңіс туын көтеріп барды. Бұл өзге де қаруластарына Рейхстагты алуға деген жігер мен серпін берді, - деді Ш.Зикенов.

Тарихшының айтуынша, Қошқарбаев пен Болатов «Кеңес Одағының Батыры» атағына ұсынылды. Алайда кейіннен бұл марапат белгісіз себептермен берілмеген.

Рахымжан Қошқарбаевқа соғыстан кейін қандай да бір награда берілді. Бірақ, уәде етілгендей қос батырға «Кеңес Одағының Батыры» атағы берілмеді. Олар тек «Қызыл Жұлдыз» орденін алды, - деп бөлісті спикер.

Соғыстан кейінгі уақытта Рахымжан Қошқарбаев Алматыдағы ірі қонақ үйлердің бірінде басшы болып қызмет істеді.   

1968 жылы Қошқарбаев «Алматы» қонақ үйінің директоры болып қызмет істеген. Ол бұл қызметті 1988 жылға яғни қайтыс болғанға дейін атқарды. Батыр көзі тірісінде Алматы мектептеріне жиі барып, жас ұрпаққа 1945 жылы 30 сәуірде Берлинде болған оқиғалар туралы өз аузымен айтып беріп жүрген, - дейді тарихшы.

Шыңғыс Зикеновтың айтуынша, оның досы және әріптесі Григорий Булатовтың тағдыры өте қайғылы болған. 1970 жылы Булатов ұсақ ұрлық ісі бойынша қылмыскер деп танылып түрмеге де қамалған.

Григорий Булатов та соғыстан кейін өз Отанында тиісті шынайы бағасын ала алмады. Маршал Жуковтың араласуы да, адал досы Рахымжанның жауапты орындарға жазған толассыз хаттары да Булатовтың ерлігін өз деңгейінде бағалануына әсер ете алмады. Нәтижесінде 1973 жылы Булатов Қошқарбаевқа «Міне, түрмеден шыққаныма алты ай болды» деп хат жазды. «Менің өмірімде мақтанатын ештеңе жоқ. Мен ешкімге үміт артпаймын, қажет болған кезде олар бізге уәде берді. Біз жас болдық, бізді алдау оңай болды. Қалай болғанын сіз білесіз. Міне, бұл менің өмірлік ренішім, - деген сөздар бар хатта. Кейіннен оның өзі жұмыс істеген зауыттың аумағында асылып өлген денесі табылған, - дейді спикер.

Тарихшының айтуынша, қазақстандықтар Рахымжан Қошқарбаевтың ерлігін еске алып, мақтан тұтуы керек.

Бұл да біздің тарихымыз. Оны мақтан тұтуымыз керек. Ал соғыста жеңіске жеткен ата-бабаларымыздың әрбір ерліктері ешқашанда ұмытылмауы қажет, - деп сөзін түйіндеді Шыңғыс Зикенов.

 

Мария КОНЮХОВА

Сабина КӘКІМЖАН