Әртүрлі

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір азаматтың міндеті

Бүгінгі таңда бүкіл әлемде сыбайлас жемқорлық мәселесі негізгі проблемалардың бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық – бұл үнемі мұқият зерделеуді, жүйелі көзқарасты, кешенді және жедел қарсылықты қажет ететін қазіргі қоғамның жағымсыз құбылысы. Әлемнің барлық мемлекеттері сыбайлас жемқорлық мәселесімен бетпе-бет келетіні баршамызға мәлім. Қазіргі жағдайда сыбайлас жемқорлық біртіндеп мемлекетішілік проблемадан жаһандық проблемаға айналуда.

Қазір барлық елдер, соның ішінде ең озық елдер, жаңа сын-қатерлерді ескере отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің өз үлгілерін қайта қарауда, сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілікті қатаңдату туралы жаңа заңдар мен нормаларды қабылдауда. Еліміздегі сыбайлас жемқорлықтың деңгейі мен ауқымы экономикалық дамуды тежейді, инвестициялық ахуалға теріс әсер етеді және еліміздің имиджін төмендетеді.

Сол себепті, сыбайлас жемқорлықпен күресудің маңызды әдістерінің бірі – моральдық тарап үлкен рөл атқаратын заңды сақтау.

«Егер Сіз әлемді өзгерткіңіз келсе, өзіңізді өзгертіңіз» деген қағиданы ескерсек, әрбір азамат әрқашан өзінен бастаса, мәселен, өз міндеттерін адал және әділ орындаса, онда сыбайлас жемқорлық азаяды.

Осылайша, сыбайлас жемқорлықты жою үшін бүкіл қоғам күресуге тиіс. Сонда ғана біздің еліміз сыбайлас жемқорлық жоқ әлемдегі мемлекеттердің біріне айналады.

Осы орайда, Астана қаласының Байқоңыр ауданында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды іске асыру жөнінде жыл сайын тиісті шаралар мен жоспарлар жүзеге асырылады. Соның ішінде 2024 жылға арналған бірлескен іс-шаралар жоспарын атап өткім келеді.

Мәселен, мемлекеттік органдар, құқықтық тәртіп, қоғамдық кеңестер, сарапшылар қауымдастығы, ардагерлер және басқа да ұйым өкілдерінің қатысуымен кездесулер, пікірталас алаңдары, дәрістер, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды.

Мемлекеттік билік органдарының, қоғам мен жастардың өзара іс-қимыл мәселелерін өзектендіру мақсатында мемлекеттік басқару органдарының өкілдерімен диалогтар өткізілді.

Бұдан бөлек, осы жылдың екінші жарты жылдығына төмендегідей жұмыс жоспарлары әзірленді және бірқатары жүзеге асырылды:

Атап айтар болсақ, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шеңберінде ашық алаңдар өткізу; Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта бейнематериалдар әзірлеу; бірлескен іс-шаралар жоспарын іске асыруды ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі медиа-жоспарды әзірлеу және т.б.

Бұдан бөлек, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында тұрғындармен тұрақты кездесулер, жеке қабылдаулар, аралау жұмыстары жүзеге асырылуда.

Атап айтар болсақ, жыл басынан бері елордалық мәслихат депутаттары мен қалалық басқарма өкілдері, жергілікті атқарушы органдар мен тиісті мекеме басшылары, БАҚ өкілдерінің қатысуымен аудан тұрғындармен кездесулер өткізіліп келеді. Онда ауданның орталық бөлігінен бастап, тұрғын алаптарға дейін барлық орамдар қамтылады. Айта кетейік, бүгінде ауданымыздың дамуы мен өзекті мәселелердің шешімін табуына белсенді тұрғындардың ықпалы жоғары. Олар ауданның белсенділері ретінде жергілікті тұрғындарды мазалаған түйіткілді мәселелер мен олардың ұсыныс-пікірлерін жинақтап, жүйелі шешімін табуына септігін тигізіп келеді.

Сонымен қатар, 2024 жылдың I тоқсанындағы әкім аппаратымен қызметтік әдеп нормаларын сақтау аясында Қазақстан Республикасы заңнамаларының, оның ішінде, Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша жеке консультативті көмектер көрсету, оның ішінде: мемлекеттік қызметшілерге, жеке және заңды тұлғаларға, азаматтардың жеке қабылдаулары, сондай-ақ, аралау, кездесулер ұйымдастыру, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілерінің алдын алу шаралары, Әдеп кодексі және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларында Қазақстан Республикасының заңнамаларын сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізу, Қызметтік әдеп нормаларының сақталуын, сондай-ақ ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін мониторингтеу мақсатында жүргізілетін анонимді сауалнама жүргізу жұмыстарды да өз кезегінде атқарылып келеді.

Сондай-ақ, аудан әкімдігінің маңызды бағыттарының бірі – абаттандыру. Мәселен, биыл Байқоңыр ауданында барлығы 132 аула аумағын абаттандыру жоспарланған. Оның 60-ы кешенді абаттандыру болса, 72-сі жөндеу қалпына келтіру жұмыстары. Ал, 22 аула аумағы – «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша жүзеге асырылды.

Өздеріңіз білетіндей, «Халық қатысатын бюджет» аясында барлық жобалар тікелей тұрғындардың ұсыныс-тілектерімен жүзеге асырылады. Бұдан бөлек, ауданымыздың бұрын-соңды абаттандырылмаған 7 учаскесінде (бос кеңістікте) жаңа қоғамдық кеңістік жайластырылды. Мұнымен қоса, 4 гүлзар кешенді абаттандырылды. Осылайша, осы жылға жоспарланған кешенді жұмыстар бүгінде 95%-ға аяқталды. Аталған абаттандыру жұмыстары аудан тұрғындарының жайлылығы мен қолайлы өмір сүруіне бағытталған.

Әрине, сыбайлас жемқорлық емдейтін сырқат емес. Алайда, айналасындағы салауатты, таза және сау ортаны шарпып, тыныс-тіршілігін тарылтатын, заңсыз әрекеттермен қоғамдық ортаның және мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, дара кәсіпкерлердің, азаматтардың қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті дертті болдырмаудың тетігі халықтың өзінде. Бұл дерттің алдын алып, қоғамға таралу жолдарын кесіп, оның ұлғаюына жол бермеу керек. Ол үшін аталған дертке сақ болып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін қарсы жұмылуымыз қажет. Сонда ғана ел мүддесі үшін зор үлес қосатынымыз және халық сенімінен шығатынымыз анық.

Талғат РАХМАНБЕРДІ

Астана қаласы Байқоңыр ауданының әкімі