Су тасқыны: Талапкер ауылында жағдай тұрақталды
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.
Кеше түнде Целиноград және Шортанды аудандарының егістіктерінен еріген судың көп көлемде келуінен Талапкер ауылындағы су бұру каналының учаскесін су шайып кетті. Қазіргі уақытта жасанды канал нығайтылды.
-->Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.
Кеше түнде Целиноград және Шортанды аудандарының егістіктерінен еріген судың көп көлемде келуінен Талапкер ауылындағы су бұру каналының учаскесін су шайып кетті. Қазіргі уақытта жасанды канал нығайтылды.
Су басқан 26 тұрғын үй аумағының 20-сынан су сорылды. Қазіргі уақытта 6 ауладан су сору жұмыстары жалғасуда. Ақмола облысы, Астана қаласы ТЖД, жергілікті атқарушы органдар, ТЖМ әскери қызметкерлері құрамынан 116 адам мен 40-тан астам техника жұмылдырылды, - деп жазылған ТЖМ хабарламасында.