Әртүрлі

Қорғаныс министрлігі су тасқынына қарсы қосымша күштер мен құралдар бөлді

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Руслан Жангулин мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.

Өткен тәулікте су тасқынына қарсы шараларға ҚР ҚК жеке құрамынан 1 916 адам, 83 әскери техника, 3 армия авиациясының тікұшақтары, 4 әскери-техникалық авиация жұмылдырылды. Армия авиациясымен ТЖМ 17 маманы, 74 ауыл тұрғыны көшірілді, олардың 47-сі – бала. Әскери-көліктік авиациямен 303 адам, 5 тоннадан аса жүк тасымалданды. 32 мыңға жуық құм салынған қапшықтар толтырылып, оларды төсеу жүргізілді.

Жергілікті ауылдар және тұрғын үй алабының су басу қаупіне байланысты республикалық жедел штабтың шешіміне сәйкес, Қорғаныс министрлігінен қосымша күштер мен құралдар бөлінді. Орал қаласына Қызылордадан 200 әскери қызметші, 26 автомобиль техникасы, Атырау облысына «Оңтүстік» ӨңҚ әскери бөлімінен 1 мыңнан аса жеке құрамы, 61 әскери техника, Петропавлға Қарағанды қаласы «Астана» ӨңҚ 300-ден аса әскери қызметші, 16 техника, Орал қаласына әскери-көліктік авиация ұшақтарымен Десанттық-шабуылдау әскерлерінің әскери қызметшілері – Талдықорғаннан 200 адам, Алматыдан 103 адам жеткізілді.

Аумақтық қорғаныс бригадаларының әскери қызметшілері жасанды бөгетті нығайту мақсатында құм қаптарын дайындау жұмыстарын жүргізуде.

-->

Ойыл ауылында жеке құрам пароммен Ойыл елді мекеніне тәулігіне 10 рейс жасады. 43 адам, 31 жеңіл көлік, сондай-ақ 8 тонна гуманитарлық жүк тасымалданды. Жайық өзенін кеңейту бойынша жару жұмыстары жалғасуда. Өткен тәулікте 2 рет жарылыс ұйымдастырылды. 68665 әскери бөлімінің жеке құрамы Ақмола облысы, Есіл ауданы, Заречный ауылының тіршілік ету нысандарын электрмен қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жүзеге асырды.  Петропавл қаласында және оның маңында жұмыстар жалғасуда, су басуы мүмкін жерлерді құм салынған қапшықтармен бекіту, жергілікті тұрғындарды эвакуациялау жүргізілуде, – деді Р.Жангулин.