Әртүрлі

Су тасқыны: 25 мыңнан астам волонтер көмекке жұмылдырылды

Республика бойынша 25 мыңнан астам волонтер су тасқынынан зардап шеккен аймақ тұрғындарына көмек көрсетіп жатыр. Бұл туралы «Ұлттық волонтерлік желі» мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл бөлімінің басшысы Айбек Досымбетов ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Волонтерлердің атқарып жатқан жұмыстары зардап шеккен тұрғындарды ыстық тамақпен, жылы киіммен, жататын төсек орындармен қамтамасыз ету. Бұған қоса азаматтардың денсаулығы сыр берген жағдайда дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету жұмыстары ұйымдастырылып жатыр.

-->

Волонтерлер құтқару қызметкерлерін ыстық тамақпен қамтамасыз ету жұмыстарымен де айналысады. Жалпы республика бойынша барлық 20 аймақта жедел желі телефондары іске қосылған. Гуманитарлық көмек жинау орталықтары ашылды. Бүгінгі күнге дейін республика бойынша 550 тоннадан астам гуманитарлық көмек жиналды. Бұл көмектің 370 тоннасы қажетті елді мекендерге жеткізілген болатын. Жалпы республика бойынша 25 мыңнан астам волонтерлер түрлі қызмет көрсетіп жатыр, - деді спикер.