Әртүрлі

Су басқан өңірлерде медициналық мекемелер тәулік бойы жұмыс істеп тұр

Елімізде су тасқынына ұшыраған өңірлерде халыққа медициналық көмек көрсетіліп жатыр, деп хабарлады Elorda.info.

 Оның айтуынша, су басқан өңірлердегі медициналық мекемелер тәулік бойы жұмыс істеуде.

-->

Елдегі қиын жағдай Денсаулық сақтау министрлігінің ерекше бақылауында. Су тасқыны басқан өңірлердегі барлық медициналық ұйым, медициналық көмекке мұқтаж адамдарға қол жетімділікті қамтамасыз ету үшін күшейтілген режимде жұмыс істейді. Су басқан өңірлерде 3 мыңға жуық медицина қызметкері және 300-ге жуық жедел жәрдем бригадасы жұмыс істеп жатыр, - деді Әйгерім Уразалиева Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

 Оның айтуынша, су басқан өңірлердегі медициналық мекемелер тәулік бойы жұмыс істеуде.

Мамандар медициналық көмекке мұқтаж барлық жанды қабылдайды. Әрбір науқас дәрігерлерден қажетті медициналық көмек алуда, - дейді министрлік өкілі.