Әртүрлі

Спортты дамыту дирекциясының басшысы қамауға алынды

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, 2022 жылы Қазақстан құрамасының Азия ойындарына қатысуы үшін Қытайда жасалған сапасы өте төмен спорттық аяқ киім мен рюкзактар сатып алынған. 

Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасының өкілдері бұған дейін берілген жабдықтардың сапасына шағымданып, оны бір реттік деп атаған болатын. 

Сот санкциясымен Дирекция басшысының орынбасары қамауға алынды. 

ҚПК-нің 201-бабының талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды.

-->

«Бұл ретте оның құны үш есе көтермеленген. Сонымен қатар, жеткізуші аталған тауардың отандық өнім екені жайлы жалған құжаттарды ұсынған. Салдарынан мемлекетке 383 млн теңге шығын келген», - деді ҚМА. 