Әртүрлі

Спорт мектебі 178 млн теңгеге заңсыз велосипедтер сатып алмақ болған

Астана қаласы «Есіл» ауданының прокуратурасы бюджет және мемлекеттік сатып алу заң нормаларының сақталуына талдау жүргізді, деп хабарлады Elorda.info қалалық прокуратураға сілтеме жасап.

 

 Прокуратураның қадағалау актісімен 178 миллион теңгеге заңсыз сатып алулар жойылып, кінәлі лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылды.

-->

 

Елордадағы спорт мектептерінің бірі мемлекеттік сатып алу порталы арқылы басқа заңды тұлғаның балансында тұрған «Astana Bike» жүйесіне арналған велосипедтерді сатып алу бойынша конкурсты жөнсіз жариялағаны анықталды. Жоғарыда аталған әрекеттер Бюджет кодексінің 4-бабының 9-тармақшасына қайшы келеді және Жарғымен бекітілген мектеп қызметінің түрлеріне сәйкес келмейді, - деп жазылған прокуратура  хабарламасында. 

 Прокуратураның қадағалау актісімен 178 миллион теңгеге заңсыз сатып алулар жойылып, кінәлі лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылды.