SpaceX алғаш рет адамдарды коммерциялық мақсатта ғарышқа ұшырды
10 қыркүйекте SpaceX Polaris Dawn коммерциялық мақсатта алғаш рет ғарышқа туристерді ұшырды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Компания өзінің Х парақшасында ғарышкерлердің Жерден ең алыс «Аполлон» ай бағдарламасына дейін ұзақ сапарға шығатыны айтылған. Бес күндік коммерциялық миссия Флоридадағы Кеннеди ғарыш орталығынан басталды.
Crew Dragon капсуласы бар Falcon 9 зымыран тасығышы миллиардер Джаред Исаакман мен АҚШ әуе күштерінің отставкадағы подполковнигі Скотт Потитті ғарышқа жіберді. Сонымен қатар экипаж құрамында SpaceX-тің екі қызметкері болды.
Олар: ғарыштық операциялардың жетекші инженері Анна Менон және астронавттарды даярлау инженері Сара Джиллис.