Әртүрлі

Соттың санкциясымен Перизат Қайраттың үйлері мен мүліктеріне шектеу қойылды

Қаржылық мониторинг агенттігі қоғамдық қайырымдылық қорының тең құрылтайшысы және басшысы Перизат Қайратқа қатысты тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz.  

Соттың санкциясымен қылмыстық жолмен қаражатқа сатып алынған Астана қаласындағы Akbulak Riviera, Highvill Ishim Gold, «Көк жайлау» (тұрақ орындарын қоса алғанда), Sensata Plaza ТК, сондай-ақ Vela Village коттедж қалашығындағы элиталық жылжымайтын мүлік Mercedes-Benz S450, Mercedes-Benz EQE 500, Lexus LX-600, Haval автомобильдері шектеу қойылды.

Перизат Қайраттың тұрғылықты жерін тінту барысында қайырымдылыққа жиналған қаражатқа сатып алынған қымбат техника, Cartier, Graff, Rolex, Bulgari, Gucci, Louis Vuitton, Versace, Chopard, Hermes, Dolce & Gabbana, Prada және т.б. сияқты танымал әлемдік брендтердің киім, аяқ киім, зергерлік бұйымдар, сөмкелері табылып, тәркіленді.

Тәркіленген мүліктер заттай айғақ ретінде іс материалдарына қосылды.

Айта кетейік, Перизат Қайрат қайырымдылыққа жиналған 1,7 млрд теңгені жымқырды деп күдіктеліп отыр.