Сотталған адам бизнес бастауға 700 мың теңге грант ұтып алды
СҚО-да сотталған адам 700 мың теңге көлемінде грант ұтып алды, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Мұнда пробация қызметі бөлімінің есебінде тұрған сотталғандардың бірі «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерінен оқытудан өтті. Курстарды сәтті аяқтаған соң есепте тұрған азамат сертификат алып, 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде өзінің бизнес жоспарын іске асыруға 700 мың теңге көлемінде грант ұтып алды.
Бұл ақшаға сотталған адам қоршауларды, беседкаларды дәнекерлеумен айналысатын «Іске сәтті Нұрсұлтан» жекеи кәсібін ашты. Сонымен қатар ол технологиялық жабдықты дәнекерлеу машинасы, тегістеуіш, бұрғылау машинасы және басқа да керекті жабдықтар сатып алды.
«Мен 10 жыл бойы металл дәнекерлеумен айналыстым, сондықтан бұл қызметте үлкен тәжірибем бар. Мен 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылдым. Осы уақытта және болашақта өзімді жұмысқа, кәсіпкерлікті дамытуға және отбасыма арнауды жоспарлап отырмын», - деді ол.