Әртүрлі

«Сот-сексологиялық сараптама»: Қазақстандық соттарда жаңа әдістеме енгізіледі

Елімізде сот-сараптамасының «Сот-сексологиялық сараптама» деген жаңа түрі енгізілетін болады. Бұл туралы бүгін Әділет министрлігінің ресми өкілі Т.Уәли брифингте мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.

Халықаралық тәжірибені талдай келе соңғы кездері сексуалдық сипаттағы қылмыстар санының артуына байланысты Әділет министрлігі зерттеудің жаңа түрі «Сот-сексологиялық сараптаманы» енгізу бойынша жұмыстарды бастады.

Яғни қарапайым тілмен айтқанда сараптама тексерілушінің жыныстық/психосексуалдық дамуда қандай да бір ауытқулардың бар немесе жоқтығы, ауытқулар байқалса, олар не білдіреді?, педофилдерді анықтау, тексерілушіге химиялық кастрация қажет пе жоқ па деген сұрақтарға жауап береді.

-->

«Осы жобаны іске асыру мақсатында Астана қаласының Сот сараптамалары ғылыми-практикалық орталығының 3 сот сарапшысы Беларусь Республикасында оқудан өтті. Қазіргі уақытта «Сот-сексологиялық сараптама» түрі бойынша әдістеме әзірленуде», - деді Т.Уәли.