Әртүрлі

«Соңғы тексерістерден өттім»: Жұлдыз Әбдікәрімова денсаулығы жайлы айтты

Танымал актриса өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында денсаулығы жайлы айтып берді, деп хабарлады Elorda.info.

 

-->

 

Ал өз жағдайымды айтсам, шүкір, тәуірмін. Бірқалыпты. Кешкісін мені осындай палатаға алып келді, бұл басқа блокта орналасқан. Мына тоқтардың барлығын қазір менің басыма орнатады. Қалай екенін білмеймін.  Осы тоқтармен ұйықтауым керек. Сол арқылы түні бойы мидың қалай жұмыс істейтінін анықтайды екен. Соңғы тексерістерден өттім, енді басқа емханалардан алатын ем бар. Бұйырса, ол да өз уақытымен. Сонымен уайымдайтын диагноз емес (ашып айта алмаймын).

Бастысы, ешқандай ота қажет емес. Екі апта бойы хирургтар ары қарап, бері қарап "сіз бізге мұқтаж емессіз" деді. Ертең үйге ораламын, жұмысқа кірісемін, - деді актриса.