Әртүрлі

Соғыста қаза тапқан жауынгердің сүйегі туған жеріне жеткізілді

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, сарбаздың сүйегі Атырау қаласындағы «Ноғай» мұсылмандар зиратына қайта жерленді.

Жауынгердің сүйегі Atamnyn Amanaty қоғамдық бірлестігінің бастамасымен Қазақстанға Қарулы Күтердің Әуе қорғанысы күштері әскери-көліктік ұшағымен Ресейден жеткізілген болатын.

Жауынгер жерлестерінің рухына құрмет көрсету үшін қалалық әкімдік өкілдері, Ауған соғысының ардагерлері, тәжік-ауған шекарасындағы бітімгерлік миссияға қатысушылар және Атырау қаласындағы әскери-техникалық мектептің курсанттары жиналды.

Қисым Әдиев 80 жылдан астам уақыт бойы хабарсыз кеткендер тізімінде болатын. Сарбаздың жерленген жерін ресейлік «Феникс» іздеу тобы тапқан. Atamnyn Amanaty қоғамдық бірлестігінің өкілдері оның Атырауда тұратын кіші ұлы Сембай Қисымовты іздеп тапты.

Айта кетейік, іздестіру отрядтарының жұмысының арқасында 80 жылдан кейін қызыләскерлер Силан Мәметов (Қызылорда облысының тумасы) мен Қадірбек Дәулетқұловтың (Жамбыл облысының тумасы) сүйегі туған жеріне қайта жерленген болатын.

-->

«Әкемнің мұсылман дәстүрімен кіндік қаны тамған туған жерінде қайта жерленгенін көріп, көңілім жай тапты. Маған оның каскасы мен медалін тапсырды. Енді бұл құнды дүниелер бізде сақталады. Іздеушілерге, әкемнің сүйегін елге қайтаруға атсалысқан барша азаматтарға алғыс айтамын, – деді қызыләскердің ұлы.