Әртүрлі

СҚО-да жоғалып кеткен 5 жасар бүлдіршін аман табылды

СҚО полицейлері жоғалған бүлдіршінді үйінен 5 шақырым жерден іздеп тапты, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қызылжар ауданы Бәйтерек ауылының тұрғындары полицияға қоңырау шалып, 5 жасар қыздың жоғалғанын жеткізген.  Жоғалған қыздың туғандары төңіректі қарап шыққан, баланы таппаған соң тәртіп сақшыларына жүгініпті.

Аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы дереу іздестіру жұмыстарына кірісті. Ауыл ішін аралау нәтиже бермеген соң, полицейлер іздестіру аумағын кеңейтті. Нәтижесінде жоғалған қыз бала Жезқазған — Петропавл тас жолында Подгорное ауылы бағытында шамамен үйден 5 шақырым жерде табылды.

-->