СҚО-да салымшыларды алдаған құрылыс фирмасының басшылары сотталды
Солтүстік Қазақстан облыстық соты құрылыс компаниясының құрылтайшысы мен басшысына салымшыларды алдау бойынша атышулы іс бойынша шығарылған үкімді өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлады Elorda.info.
Сотталғандар Петропавл қаласында салынып жатқан көпқабатты үйдің құрылысына ақша құйған салымшыларды алдап, қаржыны өз қажеттіліктерге жұмсаған.
-->Сотталғандар Петропавл қаласында салынып жатқан көпқабатты үйдің құрылысына ақша құйған салымшыларды алдап, қаржыны өз қажеттіліктерге жұмсаған.
«Мемлекеттік айыптау алаяқтардың облыс орталығының 48-ден астам тұрғынын алдап, 400 миллион теңгеден астам шығын келтірілгенін дәлелдеді. Сот үкімімен екі адам 6 жылға бостандығынан айырылылды», - деп көрсетті Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.