Әртүрлі

ШҚО-да балабақша есепшісі 12 млн теңге жымқырған

ШҚО-да прокурорлық тексеріс нәтижесінде, «Катюша» балабақшасының есепшісі 3 жыл бойы өзіне артық жалақы мен бонустық төлемдер есептегені анықталды, деп хабарлады Elorda.info.

Штаттық кесте мен банк шоттарын салыстыру арқылы бухгалтердің өз есепшотына 12 миллион теңгеден астам ақшаны заңсыз аударғаны белгілі болды.

Сот үкімімен кінәлі тұлға сеніп тапсырылған мүлікті аса ірі мөлшерде иемденіп жымқырғаны үшін (Қылмыстық кодекстің 189-бабының 3-бөлігі) 3,6 жылға бас бостандығы шектелді. Сонымын қатар өмір бойы белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

Сот актісі заңды күшіне енді.

-->

Штаттық кесте мен банк шоттарын салыстыру арқылы бухгалтердің өз есепшотына 12 миллион теңгеден астам ақшаны заңсыз аударғаны белгілі болды.

«Аталған факті бойынша аудан прокуратурасы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, одан әрі іс жүргізуді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі жүргізді.Тергеу барысында есепші өз кінәсін мойындап, келтірілген шығынды толығымен өтеді», - деп көрсетті Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы.