Әртүрлі

Әскери қызметшілер жоғалған баланы тауып, анасына табыстады

Қостанайдағы Ұлттық ұланның 6697 әскери бөлімінің әскери қызметшілері патрульдік қызмет барысында нағыз азаматтық ұстаным мен жауапкершіліктің үлгісін көрсетті, деп хабарлады Elordainfo.kz Ұлттық ұланның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кезекті патруль кезінде әскери жасақ бастығы – қатардағы Евгений Ковалевский және патрульдік құрамдағы қатардағы Қайыңбек Мұхтар мен қатардағы Сәрсенов Аслан көшеде жылап тұрған кішкентай баланы байқап қалады. Олар дереу баламен сөйлесіп, оны тыныштандырып, ата-анасын табуға кіріседі. Араға көп уақыт өткізбей, әскери жасақ  баланы  ата-анасына аман-есен табыстайды.

Балақайдың ата-анасы сарбаздарға жанашырлығы мен жедел әрекетіне ризашылықтарын айтты.

Сондай-ақ сол күні әскери қызметшілер патрульдеу барысында көшеден әмиян тауып алды. Содан олар дереу әмиянның иесін іздестіруге кіріседі. Арада көп уақыт өтпей олар әмиянды иесіне табыстайды. Әмиян иесі әскери патрульге ерекше алғысын білдіреді.