Әскери қызметшілерге оқуға түсуге жеңілдік беріледі
Ашық НҚА порталында мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер оқуда жеңілдік алуы үшін конкурстық іріктеу қағидаларының жобасы жарияланды, деп хабарлады Elorda.info.
Құжатқа сәйкес, әскери қызметшілер оқу жеңілдігін алуы үшін конкурстық іріктеу 3 кезеңнен тұрады:
-жоғары әскери, арнаулы оқу орнына оқуға (ЖӘАОО) түсуге оқу жеңілдігін алу үшін конкурстық іріктеу;
-жоғары білім бағдарламалары бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымына (ЖЖОКБҰ) оқуға түсуге оқу жеңілдігін алу үшін конкурстық іріктеу;
-оқу жеңілдігін бөлу.
Конкурстық іріктеуге қатысуға жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар әскери қызметшілер жіберіледі. Конкурстық іріктеу әскерге шақырудың бір кезеңіндегі (көктемгі немесе күзгі) әскери қызметшілер арасында өткізіледі.
Әскери қызметшілер ЖӘАОО-ға оқуға түсерде оқу жеңілдігін алуы үшін конкурстық іріктеу мынадай көрсеткіштер бойынша жүргізіледі:
-жауынгерлік даярлық бағдарламасын меңгеру деңгейі бойынша;
жеке тәртіптілігін бағалау нәтижесі бойынша;
-арнайы міндеттерді орындау нәтижесі бойынша;
-психологиялық дайындықты бағалау нәтижесі бойынша.
Бөлімше командирі әскери қызметші көрсеткішінің нәтижесін ай сайын ақпарат жүйесіне енгізеді.
Ал ЖЖОКБҰ-ға (медициналық, фармацевтикалық және педагогикалық білім бағдарламаларын қоспағанда) оқуға түсуге оқу жеңілдігін алу үшін конкурстық іріктеу тәртібі мынадай:
-оқуға дайындығын растау екі бейінді пән бойынша тестілеу арқылы жүзеге асырылады;
-бейінді пән таңдалған білім бағдарламасына байланысты айқындалады;
-тестілеу онлайн форматта мерзімді әскери қызмет басталғаннан бастап 6 айдан ерте емес, уәкілетті органмен келісілген кезеңде және мерзімді әскери қызмет мерзімі аяқталғанға дейін екі аптадан кешіктірілмей өткізіледі;
Тестілеу үшін тест сұрақтарының базасын уәкілетті орган әзірлейді.
Конкурстық іріктеу бойынша барлық есеп ақпарат жүйесінде автоматты форматта жүргізіледі. Конкурстық іріктеу нәтижесі негізінде ақпарат жүйесінде әрбір әскери қызметшінің жинаған балл саны көрсетілген рейтингтік кесте жасалады. Рейтингтік кесте оқу жеңілдігін алуға квотаны бөлуге негіз болады.
Жоба 28 маусымға дейін қоғамдық талқылауға шығарылған.
-->Құжатқа сәйкес, әскери қызметшілер оқу жеңілдігін алуы үшін конкурстық іріктеу 3 кезеңнен тұрады: